Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қатты желден балконның шатыры ұшып, көлікті зақымдады (фото)

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: instagram.com/qyzylorda_tjd

Қызылорда қаласына қарасты Титов кентінде қатты желдің салдарынан балконның шатыры ұшып, көлікті зақымдады, деп хабарлайды облыстық ТДЖ Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Өңірлік ТДЖ дерегінше, оқиға бүгін шамамен таңғы сағат 11: 40-та болған.

Қатты желдің салдарынан ("Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша екпіні 20 м/с) Титов кентіндегі бесінші қабатта орналасқан пәтердің балконының шатыры ұшып кеткен.

Абырой болғанда бұл жайттан ешкім зардап шекпеген. Алайда аулада тұрған Chevrolet Nexia жеңіл көлігіне зақым келген.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері барған.

Осы орайда облыстық ТЖД тұрғындарды өңірде ауа райының құбылуына және желдің ұдайы соғуына байланысты көшеде және тұрмыста қауіпсіздік қағидаларын сақтауды сұрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда да әп-сәтте қатты жел тұрып, салдарынан ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар құлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962656-qyzylordada-qatty-zelden-balkonnyn-satyry-usyp-kolikti-zaqymdady-foto/

pixel