Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 36 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті

Опубликовано:

Екі балалы әйелді көлік қағып кетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысының Ескелді ауданында 36 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті. Олардың үшеуі де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысы полиция басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуір күні 22:05 шамасында болған.

Қарабұлақ ауылындағы Алдабергенов көшесінде 19 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтпек болған үш адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан 36 жастағы әйел екі кішкентай баласымен бірге жан тапсырды.

Қазіргі таңда жүргузші ұсталып, қамауға алынды. Оның көлігі де арнайы тұраққа қойылған.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966536-almaty-oblysynda-36-zastagy-aieldi-eki-balasymen-birge-kolik-qagyp-ketti/

pixel