Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында шұғыл шақыртуға бара жатқан құтқарушылар жол апатына түсті

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орнынан фото: Павлодар облысы полициясының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Павлодар облысында болған жол апатының фотосы тарады. Өрт болған жерге бара жатқан құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция жол апатының болғанын растады.

"Бүгін сағат 12:35-де Баянауыл ауылында Бектұров пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында "Нива" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, "Toyota Land Сruiser 100"-бен соқтығысқан", - дейді полицейлер.

Жол апатынан "Нива" жүргізушісі және салонда болған жолаушы жарақат алып, Баянауыл ауруханасына жеткізілген.

Екі көлік те айып тұрағына қойылып, тексеріс басталғаны хабарланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да зардап шеккендердің орталық ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Санитарлық авиациямен мамандар жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966928-sugyl-saqyrtuga-bara-zatqan-qutqarusylar-zol-apatyna-tusti/

pixel