Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мектеп әжетханасында оқушы аяусыз соққыға жығылған

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушылары білім ордасының әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан. Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов жәбірленуші 25 сәуір күні 17:00 шамасында қабылдау бөліміне түскенін мәлімдеді.

"Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет еместігіне және бізде қазір жақ-бет хирургиясы маманының жоқтығына байланысты науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды.

Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауы тиіс еді. Алайда ата-анасы қолхат жазып, ұлын ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуі тиіс", - дейді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Ал өңірдің полиция департаменті басылымға бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.

Сонымен қатар Атырау қалалық білім басқармасы да бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Оқиғаға байланысты қалалық білім бөлімі мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп директоры мен әкімшілігіне тәртіптік жаза қолданды. Оқушының жағдайы бақылауға алынды", - дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фариза Шангереева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966954-atyrauda-oqusy-mektep-azetxanasynda-ayausyz-soqqyga-zygylgan/