Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны мас күйде өз анасын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі фото: pixabay.com

Полицейлер Алматы облысында мас күйде өз анасын ұрып өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл жайт Алакөл ауданында тіркелген. Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні ауруханаға 62 жастағы әйел түскен. Дәрігерлер қатты соққы алған егде жастағы науқасты аман алып қалуға тырысқан, алайда келесі күні әйел ауруханада қайтыс болған.

Аудандық полиция қызметкерлері кісі өліміне күдікті ретінде марқұмның 40 жастағы ұлын ұстаған.

"Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрып-соққаны анықталды. Әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті барлық көмекті көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алакөл аудандық полициясы.

Полиция ұсталған азаматтың бұған дейін де жеңіл қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967369-almaty-oblysynyn-40-zastagy-turgyny-mas-kuide-oz-anasyn-sabap-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel