Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да екі көліктің соқтығысуы салдарынан 7 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кейін жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 сәуір күні сағат 20.00-20.30 шамасында Орал-Подстепный жолы бойында болды.

Datsun және Chevrolet Niva автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан сол маңда автокөлік кептелісі болып, полиция қызметкерлері келгеннен кейін қозғалыс реттелген.

Ауруханаға жеті адам жеткізілсе, соның бесеуі ауыр дене жарақатын алған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967538-bqo-da-eki-koliktin-soqtygysuynan-7-adam-auruxanaga-tusti/

pixel