Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екі жасар қыз бала екінші қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде екі жасар қыз көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жазғы демалыстың басталуына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және жүріп-тұратын жерлерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде көшелерде және аулаларда ата-анасының қадағалауынсыз қалған балалардың жоғалу жағдайлары жиілеген. Ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығынан балалар жол-көлік оқиғаларының құрбаны болып, түрлі жазатайым оқиғаларға тап болады.

"Мысалы, 28 сәуірде Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатынан екі жасар қыз құлап кеткен. Ол кезде анасы үйде болған, бірақ баланы қараусыз қалдырған. Қыз бала түрлі дене жарақаттарымен балалар аурухасына жатқызылды.

Осыған байланысты полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға жол және су айдындарында қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін үйрету керектігін ескертеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967868-aqtobede-eki-zasar-qyz-bala-ekinsi-qabattan-qulap-ketti/

pixel