Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады: Екі адам көз жұмып, тағы 33 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Жамбыл облысы ПД

12 мамырда сағат 15:50-де Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 571-шақырымында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы 33 адам зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр мен бұршақ) рейстік автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен автобус жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға 33 адам жүгінді, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969048-zambyl-oblysynda-avtobus-apatqa-usyrady-eki-adam-koz-zumyp-tagy-33-adam-zardap-sekti-video/

pixel