Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Текеліде лай көшкіні жүріп, бес жасар қыз жоғалып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Текелідегі лай көшкіні
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін 15 мамыр түс кезінде Алматы облысы Текелі қаласы аумағында сел жүрді. Салдарынан 1 үй лайға батып, 5 жасар қыз жоғалып кетті. Бүлдіршінді 200-дей адам іздеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Текеліде 5 үй батпақ астында қалып, соның ішінде бір үй толығымен лайға батып кеткен. Дәл осы үйдегі 5 жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып кетті.

Текелідегі лай көшкіні
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше оқиға орнында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың жетекшілігімен облыстық жедел штаб құрылды. Штаб жұмысына облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, полиция департаменті тартылды.

Оқиға орнында учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар кинологиялық қызметті жұмылдыра отырып іздеуді жалғастыруда.

Алматы облыстық ТЖД бүгін сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (алдын ала мәлімет бойынша ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр балшық массасы) лай көшкіні жүргенін хабарлады.

Текелідегі лай көшкіні
Фото: Алматы облысы ТЖД

Нәтижесінде бір жеке тұрғын үй қирап, бір үй балшық массасының астында қалған. Тұрғын үйлердің тағы төртеуінің аула аумағы балшық аралас су астында қалды және Қонаев көшесін басып тастады. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінде 5 жасар қыз болуы керек еді.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығының басшылығымен төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб ұйымдастырылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына және ТЖ салдарын жоюға ТЖД (81 қызметкер және 16 бірлік техника), жергілікті биліктен (30 қызметкер және 6 бірлік техника, оның ішінде 2 тиегіш, 4 Камаз), ТЖМ Қазселденқорғау ұйымынан (9 қызметкер, 4 бірлік техника) күш жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969355-tekelide-lai-koskini-zurip-bes-zasar-qyz-zogalyp-ketti-foto-video/

pixel