Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қылмыскер екі баласы бар әйелді пышақтап өлтіріп, үйіне өрт қойған

Опубликовано:

Өртенген үй
Өртенген үй: КТК арнасындағы видеодан кадр

Таразда 57 жастағы әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы жағдай 18 мамыр түнгі сағат он екі шамасында болған.

Телеарнаның куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 32 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі күйеуі бар әйелдің үйіне келіп мазасын алған. Сол жерде жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Қылмыскер әйелді пышақтап өлтіріп, күйеуін жаралған. Қаза тапқан әйелдің кәмелетке толмаған екі қызы қантөгіс кезінде қашып үлгеріп, полицейлерді шақыртқан.

Ал қылмыскер қылмысын жасыру үшін үйді әдейі өртеп ізін суытпақ болған. Бірақ терезеден сытылып шығамын дегенде ұсталып қалған.

Өртенген үй
Өртенген үй: КТК арнасындағы видеодан кадр

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған.

Қазір барлық сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Телеарнаның дерегінше, 32 жастағы азамат бұған дейін екі мәрте сотты болған. 

Дереккөз КТК арнасы:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970188-tarazda-qylmysker-eki-balasy-bar-aieldi-pysaqtap-oltirip-uiine-ort-qoigan/

pixel