Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болып, күзетші қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды
Перзентхана маңындағы жарылыс. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Төтенше жағдай 21 мамыр күні сағат 11.50 шамасында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс​ Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық перинатальды орталығының зертханасында болған. Жарылыс салдарынан лабораторияның қос қабатты ғимараты құлап, қирап қалды. Сол маңда тұрған 2 көлік жанып кеткен.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жарылыс орын алған ғимаратта тұзды ерітінді өндіріледі.

Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Жаралыстан зардап шеккен үй. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

"Жарылыс салдарынан 138 ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Өрт ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970395-symkenttegi-perzentxana-manynda-zarylys-bolyp-kuzetsi-qaza-tapty-foto/

pixel