Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да 5 тонна чипсы тиелген фура аударылып қалды

Опубликовано:

Фура
Фото: СҚО ПД

СҚО Қызылжар ауданындағы Кондратовка ауылының маңында ақтөбелік жүргізушінің фурасы аударылып, жолда бес сағат тұрған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні сағат 15.00 кезінде қозғалтқыш бөлігінде пайда болған ақау салдарынан 43 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "MAN" жүк көлігі аударылып қалған.

5 тонна чипсы тасымалдап келе жатқан жүргізуші Новосибирск қаласынан Қостанай қаласына бет алған екен. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер бұл туралы жол сақшыларына хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер "Қазавтожол" ЖШС ауыр техникасын көмекке шақырған. Алайда жолдан шығып кеткен жүк көлігін шығару оңай болмаған.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары облыс орталығынан "КамАЗ"-ға орнатылған кранды алдырған. Осылайша, рефрижератор-фураның алдыңғы және артқы бөліктерін ажыратып шығаруға тура келген. Барлық жұмыс кешкі сағат 9 шамасынла аяқталған.

Жүргізуші өзіне көмектескендерге алғыс айтып, жолға қайта шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970814-sqo-da-5-tonna-cipsy-tielgen-fura-audarylyp-qaldy/

pixel