Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жолаушы жүріп келе жатқан жүк көлігінің салонынан құлап көз жұмды

Опубликовано:

Камаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Жолаушы жүріп келе жатқан "КамАЗ" салонынан құлап қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, 19 мамыр күні сағат 23:00-ден кейін Сандықтау ауданының полиция бөліміне учаскелік инспектордан жергілікті тұрғынның қаза болғаны туралы қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы "КамАЗда" жолаушы ретінде отырған 48 жастағы ауылшаруашылық кәсіпорнының қызметкері белгісіз жағдайда салоннан құлап, жүк көлігінің артқы дөңгелектерінің астына түскенін анықтаған.

Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ауыр жүк көлігін 25 жастағы жүргізуші басқарғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-қозғалысы ережежелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970839-aqmola-oblysynda-zolausy-zurip-kele-zatqan-zuk-koliginin-salonynan-qulap-koz-zumdy/

pixel