Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы дүкенде болған: Қосшыда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қосшыда 3 жасар ұл бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бүлдіршін дереу елордадағы ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс жағдай 21 мамырда болған. Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне 2019 жылы туған бала жеткізілген.

Тексеру барысында бүлдіршіннің 4 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткені анықталды. Бұл кезде баланың анасы үйдің жанындағы азық-түлік дүкенінде болған.

Полицейлер отбасының жайлы екенін, арнайы есепте тұрмайтынын атап өтті.

"Одан әрі тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады. Тексеру қорытындысы бойынша негіздемелер болған жағдайда ден қою шаралары қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Қазір баланың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970911-anasy-dukende-bolgan-qossyda-us-zasar-bala-terezeden-qulap-ketti/

pixel