Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында жол талғамайтын көлік жеке тұрғын үйге құлады (фото)

Опубликовано:

көлік
Оқиға орнына фото: instagram.com/boraldai.news

Алматы маңында BMW X5 көлігінің жүргізушісі жолдан ұшып кетіп, жеке тұрғын үйге құлады. Жол талғамайтын көлік газ құбыры мен электр бағанын да зақымдаған. Жол апатының мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті баяндады деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан фото әлеуметтік желіде жарияланды. Автордың жазуынша, суреттер Боралдай кентіндегі Аэродромная көшесінде түсірілген.

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты Іле ауданында 23 мамырдан 24 мамырға қараған түні болғанын атап өтті.

"Көлікті Боралдайдың 29 жастағы тұрғыны тізгіндеген. Ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетіп, жеке тұрғын үйдің төбесіне құлап, газ құбырының аркасын зақымдап, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатқан.

Жүргізуші жеңіл жарақат алған және ауруханаға жатудан бас тартқан. Басқа ешкім зардап шекпеген.

Ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Полицияның дерегінше, газ ауаға таралмаған,ал электр бағанын мамандар келіп, қайта қалпына келтірген.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйге келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Жиналған материалдар сотқа жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970968-almaty-manynda-zol-talgamaityn-kolik-zeke-turgyn-uige-qulady-foto/

pixel