Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте балалы әйелге лифтіде шабуыл жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Мессенджерде тараған видеодан кадр
Видеодан кадр: Otyrar.kz

Бүгін, 25 мамырда Шымкент қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің лифтісінде балалы келіншекке белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Қазір ол іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш жайыттың видеосы танымал мессенджерде таралады, сонымен қатар жергілікті сайттың желідегі парақшасында жарияланды.

Кадрдан тұрғын үйдің лифтісіне кірген балалы әйелдің соңынан белгісіз ер адамның ілесе кіріп, лифтінің есігі жабыла салысымен, оған шабуыл жасағанын байқауға болады.

Қуанышқа орай, лифт есігі ашылып, келіншек баласымен бірге қашып шығады.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"2022 жылдың 25 мамырында Шымкент қалалық полиция департаментінің Қаратау аудандық бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болғанын айтты.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 24-120 бабы ("Зорлауға оқталу" дерегі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971020-symkentte-balaly-aieldi-liftide-zorlamaq-bolgan-er-adam-izdestirilip-zatyr-foto/

pixel