Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында мектеп түлектері мінген көлік жол апатына түсті

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Lada.kz

25 мамырда Маңғыстау облысында жол апаты болып, жеті адам зардап шекті. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Анықталғандай, жол апатына түскен көлікте мектеп бітіруші түлектер отырған, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Мөлдір Әділге сілтеме жасап хабарлауынша, жол апаты Сайөтес ауылы маңындағы тасжолда болған.

Салдарынан жеті адам түрлі дәрежелі жарақат алған, оның екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

"Жол апатынан зардап шеккен екі адам санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Қалған бес баланың жағдайы орташа ауыр. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр", - деді аурухана директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

Оқу жылының аяқталуына байланысты Маңғыстау облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңірлік полиция Instagram парақшасында.

"Әлеуметтік желілерге жарияланған барлық құқықбұзушылық назарға алынды. Қазіргі уақытта олардың бірқатары бойынша заңды шаралар қабылданды және әлі де полиция қызметкерлері жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Құрметті түлектер, түнгі мезгілде құқықбұзушылықтар жасауға жол бермеңіздер! Қоғамдық тәртіпті қадағалауға полиция күштері толық жұмылдырылды.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, мектеп директорлары балаларды қатаң бақылауда ұстаңыздар!", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971069-mangystau-oblysynda-mektep-tulekteri-mingen-kolik-zol-apatyna-usyrady/

pixel