Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік кафенің жазғы алаңына кіріп кетіп, бір әйел зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Оңтүстік астанада көлік жоғары жылдамдықпен кафе алдындағы жазғы алаңға кіріп кетті. Салдарынан бір әйел зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның алдын ала мәліметіне сәйкес, 24 мамыр күні сағат 19:47-де Toyota Camry маркалы көлігі Төле би көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан.

Әуезов көшесімен қиылыста солға бұрылып жатқан ол Volkswagen Polo маркалы көлігімен соқтығысқан. Төле би көшесімен шығысқа бет алған Polo көлігі жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған.

Ал Toyota инерция бойынша шығысқа кете берген. Рөлді басқара алмаған Camry жүргізушісі қиылыста орналасқан қоғамдық тамақтану орнының жазғы алаңына кіріп кеткен.

Салдарынан жазғы алаңда отырған әйел жарақат алды. Медицина қызметкерлері оны Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Енді полицейлер аталған фактінің мән-жайын анықтап, процессуалдық шешім қабылдауға тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971362-almatyda-kolik-kafenin-zazgy-alanyna-kirip-ketip-bir-aiel-zardap-sekti-video/

pixel