Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, 5-і қайтыс болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодар облысында белгісіз заттан уланған 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 27 мамырда Ертіс ауылында өз үйінен 67 жастағы үй қожайыны мен оның 32 жастағы ұлы өлі күйінде табылған.

28 мамырда үйден тағы бір зейнеткердің денесі табылған. Одан бөлек екі адам ауруханада көз жұмған.

"Барлық табылған адамның денесінен зорлық белгілері анықталмады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Мән-жайды анықтау барысында қайтыс болғандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғынында бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкені белгілі болды", - дейді Павлодар облысының полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлері аталмыш ыдыс алынып, сараптама тағайындалғанын атап өтті. Осыдан кейін марқұмдардың өліміне не себеп болғаны анықталмақ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, барлығы 7 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі үйінде көз жұмса, төртеуі Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда кейін олардың екеуі ауруханада қайтыс болған.

Ведомство аман қалған екі адамның бірінің жағдайы өте ауыр екенін, қазір пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971480-pavlodar-oblysynda-belgisiz-zattan-7-adam-ulanyp-5-i-qaitys-boldy/

pixel