Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда Жайық өзеніне түскен 14 жастағы бала суға батып кетті

Опубликовано:

шомылуға рұқсат жоқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Алмалы ауылында 28 мамыр күні болды.

Бұл ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

Ведомство мәліметінше, Жайық өзенінің шомылуға тыйым салынған жерінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткен.

Іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылған.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл биыл өңірде тіркелген бірінші қайғылы жағдай екенін атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы Батыс Қазақстан облысында 24 адам суға кеткен. Оның 8-і бала болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971549-oralda-zaiyq-ozenine-tusken-14-zastagy-bala-suga-batyp-ketti/

pixel