Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында такси жүргізушісі клиентін өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Такси
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Қаскелең қаласында 45 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Ол клиентін өлтірді деген күдікке ілінген. Қылмыс құралы ретінде бұрағыш тәркіленген. Істің мән-жайын Алматы облыстық полиция департаменті баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан қайтыс болған адамның денесін алып кету үшін қолданылатын тіркемесі бар полиция көлігін аңғаруға болады.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 мамыр күні Қаскелеңде денесінде зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылған.

"Марқұмың денесі тұрғын үй кешеніне кіреберісте жергілікті такси жүргізушілері тұратын шлагбаумның маңынан табылды. Ер адам кеуде тұсында жарақат алған. Мән-жайды анықтау барысында такси жүргізушілерінің бірі клиентімен сөзге келіп қалып, оны бұрағышпен ұрғаны белгілі болды.

Оқиға орнынан ізін суытқан күдікті тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша жүргізілуде", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бұрауыш
Тәркіленген бұрағыш. Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Күдікті осыған дейін сотталған, жеке тасымалдаумен айналысатын 45 жастағы Қаскелең тұрғыны болып шыққан. Қылмыс құралы ретінде тіркелген бұрағыш қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971652-almaty-oblysynda-taksi-zurgizusisi-klientin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel