Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласының маңындағы ЖЭО-3 аумағында өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Қызыл жалын
Оқиға орны. Фото: instagram.com/mangystau_tjd

Сейсенбі, 31 мамырда Ақтау қаласының маңында "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС (ЖЭО-3) аумағында өрт шыққан. Тілсіз жау туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы ақпарат ТЖД пультіне 21:42-де түскен. Онда Ақтаудан 7 шақырым жердегі "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС (ЖЭО-3) аумағында тарату құрылғысының жанғаны туралы хабарланған.

Оқиға орнына тез арада өрт сөндіру бригадасы аттанған. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын аумағы 600 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

"Өңірді энергия ресурстарымен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге өрт шығу фактісі әсер етпейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Өртті ТЖД-нің 15 қызметкері мен ведомствоның 6 техникасы, кәсіпорынның 4 қызметкері мен 1 техникасы ауыздықтады. Сонымен қатар төтенше жағдай орнында 4 полиция қызметкері және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

Оқиға орнында түсірілген кадрларды Lada.kz басылымы жариялады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1971914-aqtau-qalasynyn-manyndagy-zeo-3-aumagynda-ort-syqty-video/

pixel