jitsu gif

    Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады

    Жол апаты
    Фото: Polisia.kz

    Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады. Ол туысының көлігін рұқсатсыз жүргізіп кеткен, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

    2 маусымда Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясынан жол-көлік оқиғасына тап болған кәмелетке толмағандарға медициналық көмек көрсетілгені туралы хабарлама келіп түсті.

    Алдын ала анықталғандай, 2 маусым күні сағат 07:20 шамасында Макинск – Ақсу – Торғай автожолының 129-шақырымында Степногорск қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Volkswagen Golf автокөлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмаған. Содан автокөлік жолдың шетіне шығып, бірнеше рет аударылып кеткен. Аударылу салдарынан 13, 15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар көліктен ұшып кетті.

    Жол-көлік оқиғасынан кейін жасөспірімдер Степногорск қаласына бағыттас көліктермен жетіп, ата-аналарына болған жағдай туралы айтып берген. Олар түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

    Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөлік Степногорск қаласындағы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

    Тексеру барысында Степногорск қаласының 15 жастағы тұрғыны жездесіне тиесілі автокөліктің кілтін сұраусыз үйден алып кеткені анықталды. Достарын автокөлікпен қыдырту қайғылы оқиғаға әкеп соға жаздады. Кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде болғаны үшін олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Ақмола полицейлері облыс тұрғындарын балаларға мұқият болуға, олардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне, көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.