Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының 52 жастағы тұрғыны туған бауырын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында туған бауырын өлтірді деген күдікке ілінген 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайт Қарасай ауданы Бұлақты ауылында 5 маусым күні тіркеліп отыр. Полиция мәліметінше, жеке тұрғын үйлердің бірінен зорлықпен өлтіру белгілері бар 41 жастағы ер адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, жәбірленуші жүрек тұсынан алған пышақ соққысынан қаза тапқан.

Жәбірленушінің Ақтөбе облысының тумасы екені анықталды. Ол жалдамалы пәтерде азаматтық некедегі әйелімен бірге тұратын туған ағасына қонаққа келген.

"Оқиға болған бөлмеден үйдегі отырыста ішімдік ішілгені байқалды, сондай-ақ оқиғаның екінші қатысушысы үйден белгісіз бағытқа қашып кеткен. Қағылған дабыл бойынша іздестіру тобы аумақта іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Жақын маңдағы елдімекендердің барлығы тексерілді.

Нәтижесінде күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылып, қамауға алынды. Күдікті ер адам жәбірленушінің 52 жастағы ағасы болып шықты, ол алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң жанжал туып, оның соңы кісі өліміне ұласқан" - деп хабарлайды Қарасай аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан бірнеше асхана пышағы табылған, оның бірі қылмыс қаруы екені анықталды. Осы жағдай бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972944-almaty-oblysynyn-52-zastagy-turgyny-tugan-bauyrynyn-olimine-kudikti-retinde-ustaldy/

pixel