Алматы облысында жеті жасар қызды екі "алабай" ит талап тастады (фото)
Жарияланған күні:
Алматы облысында жеті жасар қызды екі ит талап тастады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға 5 маусым күні Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында тіркелген. "Алабай" тұқымды екі ит жеті жасар қызды талап тастады. Салдарынан түрлі жарақат алған қыз бала Алматыдағы ауруханалардың біріне жатқызылған. Бүлдірішіннің беті мен денесін ит тістеген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Талғар аудандық полиция бөлімі аталған оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Екі иттің иесі – 57 жастағы әйел адам. Ол иттердің тұмылдырық киетінін, тамақ ішіп, серуендеу үшін аулада бос жүргенін мәлімдеді. Иттердің иесі зардап шеккен қыз баланың еміне көмектесуге дайын екенін айтқан.
"Оқиға бойынша барлық тергеу амалы жүргізілуде. Бүлдіршін ауруханадан шыққан соң сараптамалар жүргізіледі. Соңғы шешім сараптама қорытындысы бойынша қабылданбақ. Сондай-ақ екі иттің қауіптілігі туралы сұрақ та қаралады", - делінген Талғар аудандық полиция бөлімінің баспасөз хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973153-almaty-oblysynda-zeti-zasar-qyzdy-eki-alabai-it-talap-tastady-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.