Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектептен өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

білім ордасы
Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №24 мектептен өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Сәтбаев көшесінде орналасқан №24 мектептің ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар бүгін, 8 маусымда 10:00-де түскен.

"Бірінші қабаттағы кабинетте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт шыққан. 40 шаршы метр аумақта құрылыс заттары мен пластик құрылымдар жанған", - делінген хабарламада.

Қызыл жалын 10:15-те ауыздықталған.

Құтқарушылар келгенге дейін пропан толтырылған баллон мен 40 жұмысшының эвакуацияланғаны белгілі болды.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жаудан ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады.

Білім ордасының басшысы өрт жылу жүйесінде дәнекерлеу жұмысын жасап жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кесірінен болды, деп отыр.

"Фирма басшылығы өз қателігін мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін жеткізді", - деді мектеп директоры Құралай Рахметжанова.

Өрт салдарынан жөнделген екі кабинет зардап шеккен, сондай-ақ басқа мердігер компанияның құрылыс материалдары жарамсыз болып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973181-ekibastuzda-zondeu-zumystary-zurip-zatqan-mektepten-ort-syqty-foto-video/

pixel