Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жануар тістеген болуы мүмкін": Ақтөбеде түрлі жарақат алған 12 жастағы баланың денесі табылды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында 12 жастағы баланың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім белгісіз жануар тістегеннен қаза болуы мүмкін деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 12 жастағы баланың денесі 9 маусым күні Есет батыр тұрғын үй алабындағы №3 шағын ауданның аумағында орналасқан құрылыс нысандарының маңынан табылған.

Баланың басыңда, денесінде, қолы мен аяғында көптеген жарақат болған. Сондай-ақ оның көп қан жоғалтқаны анықталған.

"Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін", - дейді облыстық полиция департаментінің басапасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға орны
Оқиға орнынан фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігінде шұғыл брифинг те өткен.

"Болған жағдайға байланысты ата-анасына барып келіп отырмыз. Есет батыр тұрғын үй алабы үшінші шағын ауданда қайғылы оқиға болады. Кеше баланың денесі табылды. Қазіргі кезде облыстық ПД тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама және гистологиялық сараптама жасалып жатыр. Бұл 10-15 күнге созылады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық ПД бастығы істі бақылауға алды", - дейді облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов.

Айта кетейік, оқиға болған Ақтөбе қаласы Алматы ауданы бойынша биыл итке қатысты 14 хабарлама түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973531-zanuar-tistegen-boluy-mumkin-aqtobede-turli-zaraqat-algan-12-zastagy-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel