Павлодарда студенттерімен бірге өзенге барған жас педагог суға батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда жас педагог колледж студенттерімен табиғат аясына шығып, суға батып кетті. Қайғылы жағдай Усолка өзенінде болған. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ер адам судан жүзіп өтпек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

31 мамырда Павлодардағы колледждердің бірінде 1 және 2 курс студенттерінің әскери-далалық оқу-жаттығуы өткен.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, оқу-жаттығу тек білім беру мекемесінің аумағында өтуі тиіс болған.

"Усолка өзеніне колледж оқытушысы батып кетті. Ол балалармен далалық оқу-жаттығуды өткізген. Неге екенін білмеймін, бірақ ол кейін студенттерді өзенге апарған, мұны тергеу анықтайтын болатын. Ол қалай жақсы жүзетінін, суда өзін жақсы ұстайтынын көрсетпек болып, жүзуге шешім қабылдаған. Бірақ күші жетпеді, біз адамнан айырылып қалдық", - деді ТЖД басшысының орынбасары Олег Трещев.

Ведомствоның ақпаратынша, педагог шамамен 23-24 жаста болған. Жұмысқа жақында ғана кірген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1973557-pavlodarda-studentterimen-birge-ozenge-bargan-zas-pedagog-suga-batyp-ketti/

jitsu gif