Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты: Тағы 8 жолаушы ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/sarkand_insta

Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 8 адам ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрларда алдыңғы бөлігі зақымдалған минивэн мен жол жиегінде тұрған жеңіл көлік көрсетілген.

Алматы облысы полиция департамнтінің мәліметінше, Priora мен Toyota көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан екі адам қаза тапқан.

Жол апаты 14 маусым күні таңертең Жетісу облысының Ақсу ауданы аумағында болған.

"Toyota Alphard көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Алматы - Өскемен тасжолының 336 шақырымында рөлге ие бола алмай, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, Lada Priora көлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Одан бөлек шағын автобуста отырған 8 адам түрлі жарақатпен Талдықорған ауруханасына жеткізілді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу жүріп жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар! Бейнежазбаны 18 жасқа толмағандарға, аяғы ауыр немесе жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974070-zetisu-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty-tagy-8-zolausy-auruxanaga-zetkizildi/

pixel