Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрттен қашпақ болған: Кентауда 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында көпқабатты пәтерден өрт шығып, 8 жасар бала көз жұмды. Қызыл жалыннан қатты қорыққан ол от тұтанғанда терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы оқиға Кентау қаласында болды. Көпқабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шыққанда пәтер ішінде 10 жасар қызбен 8 жасар ұл болған екен.

Қара түтіннен қорыққан бала терезеден шықпақ болғанда құлап кеткен. Балақай ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ал түтінге тұншығып қалған 10 жастағы қыз тиісті емін алып, туыстарының үйіне орналастырылған. Өрт шыққан кезде анасы далада, әкесі вахталық жұмыста болған.

Оларға жергілікті билік уақытша баспана берді. Болжам бойынша, өрт қуаттағышта тұрған телефоннан шығуы мүмкін дейді мамандар.

"Әкімдік тарапынан шатырды ретке келтіру жұмысы атқарылуда. Өрт кезінде балдардың құжаттары өртеніп кетуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыс атқарылатын болады. Кентау қаласының жанашырлары өрттен зардап шеккен отбасы мүшелеріне материалдық көмек ұйымдастырып жатыр", - деді Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Әлімбай.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974116-ortten-qaspaq-bolgan-kentauda-8-zasar-bala-besinsi-qabattan-sekirip-koz-zumdy/

pixel