Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында 15 маусым күні таңертең бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шеккен. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 маусым күні сағат 03:00-де Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 544-шақырымында Таразға қарай бара жатқан Scania жүк көлігінің тіркемесі өздігінен өртеніп кеткен. Өрт кең аумақты шарпығандықтан көлік қозғалысы тоқтатылды.

Сағат 03:40-та жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр жетпей DAF жүк көлігінің жүргізушісі бір бағытта жолда тұрған 10 көлікпен соқтығысқан: екі Toyota Camry, Audi 100, Van Hool екі жолаушылар автобусы, Chevrolet Cobalt, Daimler Chrysler, BMW Х5, Toyota Alphard және Audi 80.

"Соқтығысқаннан кейін 4 көлік өртенді: DAF жүк көлігі, Van Hool екі жолаушылар автобусы мен Audi. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 9 адам түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді, оған қоса үш адам жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді облыстық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Ал өңірлік денсаулық сақтау басқармасы аталған жол апатынан жалпы 12 адамның зардап шеккенін хабарлады.

"Жалпы 12 адам зардап шекті. Оның екеуі жолдағы көліктермен Жуалы аудандық ауруханасына жеткізілсе, 10 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводан.

Аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде екі зардап шегушіге көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Қалалық ауруханаға жеткізілгендердің үшеуі Өзбекстан азаматы.

4 адам жансақтау бөліміне, тағы біреуі травматологиялық бөлімге жатқызылған. Одан бөлек 5 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974176-bir-adam-koz-zumyp-tagy-12-adam-zardap-sekti-zambyl-oblysynda-iri-zol-apaty-boldy/

pixel