Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөл-Семей тас жолында ішінде бірнеше жолаушысы бар автобус аударылды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: vk.com/uka.live

19 маусым күні сағат 04.50 шамасында Абай облысындағы тас жолда Алакөл-Семей бағытындағы рейстік автобус аударылып қалды. Оқиғаның мән-жайын Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Setra маркалы Алакөл-Семей бағытындағы рейстік автобустың 56 жастағы жүргізушісі облыс орталығына бара жатып, Жарма ауданында рөлді басқара алмай, тас жолдан шығып, аударылып кеткен. Салонда 13 жолаушы және екі жүргізуші болған.

Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілген. Автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижесі бойынша іс жүргізуге қатысты шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974878-alakol-semei-tas-zolynda-isinde-birnese-zolausysy-bar-avtobus-audaryldy/

pixel