Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тоққа түскен баланың екі қолын кесуге тура келді

Опубликовано:

аурухана11
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан кентінде трансформаторлық қосалқы станцияда тоққа түскен баланың екі қолын кесуге тура келді.

Ол басқа балалармен бірге көшеде ойнап жүріп, трансформаторлық қосалқы станцияда тоққа түскен, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасының тілшілері.

Зардап шеккен бала шұғыл түрде облыстық орталыққа жеткізіліп, дәрігерлер ота жасады.

Қазіргі уақытта ақ халаттылар науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Тілшілердің айтуынша, электржелілік тарату компаниясы балақайдың отбасына 200 мың теңге бөлген. Ал қамқор жандар балаға протез алу үшін қаражат жинай бастаған.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Төрт бала ойнап жүріп, қосалқы станцияға кірген. Сонда баламды тоқ соққан. Басқа балалар бізге жүгіріп келіп, оның өртеніп кеткенін айтты. Біз оған, ол бізге қарай келді. Қазір жыламас үшін қолымда көтеріп жүрмін, түнде ұйқысы нашар", - деді баланың анасы.

Батыс Қазақстан АЭЖК бас инженері Асқар Гайсин аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Аудандық полиция бөлімінде арнайы комиссия құрылды. Ол тергеуден кейін шешім қабылдайды. Қосалқы станцияда қауіпсіздік талаптарына сәйкес ескерту плакаттары бар, бірақ балалар қауіпті түсінбейді. Біз мүмкіндігінше әрі қарай да көмектесеміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974936-bqo-da-toqqa-tusken-balanyn-eki-qolyn-kesuge-tura-keldi/

pixel