Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 15 метрлік терек көлік үстіне құлады (видео)

Опубликовано:

Терек құлады
Видеодан кадр: Otyrar.kz

Шымкентте желдің қатты екпінінен тұрақта тұрған көлікке 15 метрлік терек құлады. ТЖД қызметкерлері зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.

Оқиға 19 маусым күні Шымкент ықшамаудандарының біріндегі үй ауласында болған, деп жазады Otyrar.kz.

Желдің қатты екпіні салдарынан биіктігі шамамен 15 метр терек тұраққа қойылған көлікке құлаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Басылым мәліметінше, оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері келген. Құтқарушылар араның көмегімен көлікке құлаған ағаштың діңгектерін кесіп, бөренелерді қауіпсіз жерге шығарған.

"Жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды тазарту жөніндегі ұйым қызметкерлері ауланы тазалау жұмыстарын жүргізді. 19 маусымда 15-20 м/с жел екпіні туралы ескерту жарияланған", - деп атап өтті Шымкент қаласы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы Дархан Райханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974948-symkentte-15-metrlik-terek-kolik-ustine-qulap-tusti-video/

pixel