Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы қаласының Әуезов ауданында салынып жатқан ғимараттың қаптамасы өртеніп, оның таралу қаупі туындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 21 мамыр, сағат 09:46-да өрт сөндірушілер Әуезов ауданы Астана ықшамауданы, 1/10 ғимарат мекен-жайы бойынша өртті сөндіруге шыққан.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, олар оқиға орнына жете сала қаптаманың өртеніп жатқанын, оның жоғарғы қабаттарға қауіп төндіргенін анықтаған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 10 минуттан кейін оттың таралуы тоқтатылды. Өрт 10:09-да толығымен сөндірілді.

Ведомство құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

"ТЖД нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады", - деп толықтырды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975006-almatyda-qurylysy-zurip-zatqan-gimarattan-ort-syqty-video/

pixel