Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бойжеткеннің бөлшектелген денесі табылды

Опубликовано:

Атбасар
Оқиға орнынан фото: instagram.com/atbasarvideogram

Ақмола облысында балықшылар Атбасар қаласының маңынан қыздың бөлшектелген денесін тауып алған. Бұл ақпаратты Атбасар ауданының әкімдігі растап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік жайт туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Ол жерде балықшылар бойжеткеннің денесін Жабай өзенінен тапқаны, олар сол жердегі қамыс арасынан дененің бөліктері бар қапты байқап қалғаны айтылған.

Атбасар ауданының әкімдігі полиция қызметкерлерінің тергеуді бастағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, күдікті қолға түскен.

ҚазАқпараттың Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, адам денесінің бөліктері 21 маусымда Жабай өзенінің бөгетінен табылған.

"Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, бір тәулік ішінде әйелдің жеке басы анықталды, сонымен бірге күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - дейді құзырлы орган ҚазАқпарат агенттігіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975263-aqmola-oblysynda-boizetkennin-bolsektelgen-denesi-tabyldy/

pixel