Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өзенді кешіп өткен ерлі-зайыпты қайғылы жағдайға тап болды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған ерлі-зайыпты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шығып үлгерсе, әйелі батып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай 18 маусым күні Райымбек ауданында болған. Текес өзенін атпен кешіп өтпек болған екі адамды ағыс алып кеткен. Ер адам атымен бірге судан шыққанымен, әйелін құтқара алмады.

"47 жастағы әйел көз жұмды. Денесі өзеннің төменгі жағында ағашқа ілініп қалған. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Полиция қызметкерлері тексерісті бастады", - дейді Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақан.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, ерлі-зайыпты таулы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында суға кеткен екі адамды құтқарушылардың іздеп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975306-almaty-oblysynda-ozendi-kesip-otken-erli-zaiypty-qaigyly-zagdaiga-tap-boldy/

pixel