Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы Белуха тауында 2 альпинист қаза болып, тағы бірі зардап шекті

Опубликовано:

тау
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-ның Катонқарағай ауданында 2 альпинист мерт болды. Олар қар көшкінінің астында қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусым күні сағат 10 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл көлі ауданындағы Белуха тауында 4 альпинистің қар көшкіні астында қалғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Белгілі болғандай, олар туристердің тауға шығу жолын нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде қар көшкінінің астында қалған.

Апат салдарынан 1992 жылы және 1988 жылы туған екі адам қайтыс болған. Сондай-ақ 1990 жылы дүниеге келген Ресей Федерациясының азаматы зардап шеккен, 32 жастағы тағы бір альпинист аман қалған.

Жетуі қиын жерлерге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жіберілген. Оқиға орнына келген құтқарушылар қаза болғандардың денесін алып кеткен.

Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975447-sqo-dagy-beluxa-tauynda-2-alpinist-qaza-boldy/

pixel