Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр ауылында сел жүрді (видео)

Опубликовано:

Қордай ауданы
Оқиға орнына фото: Жамбыл облыстық ТДЖ

Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында жауған нөсер жаңбыр салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусымда кешкі сағат 20.00-де Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр салдарынан Ырғайты өзенінің бойымен сел жүріп, ауылдың жолдарын су басқан.

Су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің екі шаруашылық құрылысы қираған.

ТДЖ оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін, алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар екенін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтауда. Оқиға орнына өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен сегіз қызметкермен екі техника, жергілікті атқарушы органдардан бес қызметкермен екі техника жіберілді", - деп хабардар етті облыстық ТДЖ.

Сонымен қатар ведомство нөсер жауын салдарынан сағат 23:25-те Қордай ауданы, Шарбақты ауылынан 4 шақырым жердегі Ырғайты өзенінде су деңгейі көтерілгенін хабарлады.

Бұл уақытта оның жағасында 11 адам демалып жатқан. Су көтерілген кезде 6 адам дөңес жердегі аралда көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ екпінді ағыс демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен.

"24 маусымда сағат 01:15-те ТЖД құтқарушылары аралда қалған барлық адамды құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді облыстық ТДЖ-ның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975455-qordai-audanyndagy-ulken-sulutor-auylynda-sel-zurdi-video/

pixel