Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында балаларын құтқармақ болған екі ер адам көлге батып кетті

Жарияланған күні:

құтқарушылар
Оқиға орнынан фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде екі ер адам суға батып кетті. Олар балаларын құтқармақ болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 23 маусымда болған. Екі отбасы Қарағанды облысынан Баянауыл ауданына демалысқа келген.

Олар Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде шомылған. Бір уақытта 14 жастағы қыз бала мен 9 жасар ұл бала суға бата бастаған. Бұны көрген әкелері көлге қарай ұмтылып, балаларын құтқаруға тырысқан.

Олар балаларын құтқарып қалғанымен, алайда өздері қайтып судан шыға алмаған.

"2008 жылы туған қыз бала мен 2013 жылы туған ұл баланы құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 және 1986 жылы туған ер адамдар суға батып кетті. Балалар жедел жәрдеммен Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді, жағдайы тұрақты, есін жоғалтпаған", - дейді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Суға батып кеткен ер адамдарды іздеу үшін оқиға орнына сүңгуірлер келіп, олар 40 минуттан кейін марқұмдардың денесін судан алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975501-pavlodar-oblysynda-balalaryn-qutqarmaq-bolgan-eki-er-adam-kolge-batyp-ketti/