Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті
Жарияланған күні:
26 маусымда Қапшағай су қоймасында қайғылы жағдай болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай шомылуға арналмаған жерде болған. Төрт адам, оның ішінде 2007 және 2010 жылы туған екі бала суға батып кеткен. Тағы 1954 жылы туған әйел құтқарылды.
ТЖД ақпаратынша, олардың бәрі бір-біріне туысқан болып келеді.
"Су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, әпкесі және апасы құтқаруға ұмтылған. Бірақ өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалды. ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты", - делінген хабарламада.
Осы ретте, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуді және толқындар мен дауылды ауа райында суға шомылмауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975746-qapsagai-su-qoimasynda-tort-adam-suga-batyp-ketti/