jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте трансформатор жанып кетті: 400-ден астам адам жарықсыз қалды

    өрт
    Оқиға орны: Шымкент қалалық ТЖД

    Шымкентте трансформатор жанып кетті. Соның салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    Өрт 28 маусым күні күндіз болған.

    Ведомство мәліметінше, Шоқан Уалиханов көшесінде орналасқан трансформатор толығымен жанып кеткен. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады.

    Тілсіз жау сағат 16:11-де оқшауланып, 16:26-да толығымен сөндірілді.

    Абырой болғанда, өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

    Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр.

    Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмыс істеген.

    Айта кетейік, өрттің салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.