Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс базары өртке оранды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыдағы өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін түнгі сағат үшта Алматыда қаласының Алатау ауданында орналасқан құрылыс базарынан өрт шықты. Алапат өртпен 60-тан астам өрт сөндіруші күрескен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі 03:10 шамасында өрт сөндіру бригадасы "Бақорда" базары аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда орнына жоғары ранг бойынша шықты.

"қиға орнына 8 минутта келген өрт сөндірушілер шатыр астына қатарлап кесілген ағаш материалдарының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын «Бақорда» сауда орталығына таралу қаупі туындады. Дереу өрт орнында жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары өрт оқпандары енгізілді, өрт автопоезі іске қосылып, сондай - ақ үйінділерді алып тастау үшін құтқару қызметінің ауыр-шынжыр табанды техникасы тартылды»,- деп хабапрлады департаменттен.

Алматыдағы өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Қабылданған жедел шаралармен қызыл жалын бір сағат ішінде оқшауланып, жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді шарпыған өрт таңғы 06:35-те толығымен сөндірілді.

Алматыдағы өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Анықталғандай, өртті сөндіруге 21 бірлік техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976737-almatyda-qurylys-bazary-ortke-orandy-foto-video/

pixel