jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "7-8 жасөспірім шабуыл жасаған": Павлодарда темекі беруден бас тартқан ер адам соққыға жығылған

    шылым
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында темекі беруден бас тартқан ер адамға бір топ жасөспірім шабуыл жасаған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Облыстық полиция департаменті жеткіншектерді іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Instagram-дағы tipavlo.dar тобында жарияланған хабарламада ер азамат пен жасөспірімдер арасындағы жанжал Лермонтов пен Сұрағанов көшелерінің аумағындағы ауданда 1 шілдеде шамамен 23:00-де болғаны айтылған.

    "Аулада 7-8 жасөспірім темекі беруден бас тартқан ер адамды өз подъезінің жанында қатты ұрған. Видеорегистраторы жұмыс істеп тұрғандардан немесе үйдің кіреберісіндегі камераға жауаптылардан кері байланысқа шығуын сұраймын. Біз мұны жазасыз қалдырғымыз келмейді", - делінген жазбада.

    Павлодар облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, тексеріс жұмыстары басталғанын хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, кезекші бөлімге оқиға жайлы хабарлама 2 шілдеде түнде келіп түскен. Зардап шеккен ер адамның жасы 36-да.

    Қазіргі уақытта жасөспірімдерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.