Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік металл үйіндісіне айналған: Атырау облысында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Атырау облысы ПД

3 шілде күні кешке Атырау облысында екі Lada көлігі мен "КамАЗдың" қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департменті жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 3 шілде күні сағат 20:15-те республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахан тас жолының 590-шақырымында Lada Priora көлігінің 22 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан "КамАЗға" соқтығысқан.

Алған соққыдан көлік қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, өзге Lada көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Lada Priora көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Lada көлігінің 1995 жылы туған жүргізушісі мен жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүрізіліп жатыр", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында түсірілген фотодан жол апаты салдарынан жеңіл көліктердің бірінің металл үйіндісіне айналғанын көруге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 3 маусым күні Атырау облысындағы Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында вахташылар автобусы апатқа ұшырап, салдарынан 10 адам зардап шеккенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976876-kolik-metall-uiindisine-ainalgan-atyrau-oblysynda-bolgan-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty/

pixel