Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кіндігі де кесілмеген": Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесін тапқан әйел жағдайды баяндады

Жарияланған күні:

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесін тапқан әйел сұхбат берді
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Талдықорғандағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылғаны туралы хабарлағанбыз. КТК арнасы оқиға орнында болған куәгердің шағын сұхбатын жариялады.

Таңертең таза ауамен тыныстауға шыққан Айгүл Түсіпбаева қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың денесін көріп шошыған. Құр жаялыққа оралған күйі жатқан шарананың кіндігі де кесілмеген дейді келіншек. Бейкүнә баланы көріп жүрегім ауырды деген әйел бірден полиция шақыртыпты.

"Жаңа туғаны көрініп тұр. Обал ғой. Баласын осылай тастап кетуге ананың дәті қалай барды екен. Айтарға сөзім жоқ. Полиция келгенше күттік. Қаңғыбас иттер алып кетпесін деп тұрдық. Жанымда көше сыпырушы да болды", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Айгүл Түсіпбаева.

Нәрестенің тірі, не өлі күйде тасталғаны әзірге белгісіз. Қалдырған жерде суықтан тоңып немесе нәр татпай, аштан шетінеп кетуі де мүмкін. Қазір полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.

"Аталған дерек дереу Талдықорған қаласының полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер жаңа туған баланың анасы мен басқа да куәгерлердің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, нәрестенің анасы жауапкершіліктен құтылмайды. Заң бойынша, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976947-kindigi-de-kesilmegen-taldyqorganda-qoqys-zasiginen-narestenin-denesin-tapqan-aiel-zagdaidy-bayandady/