Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде 4 демалыс базасы өртке оранды: 7 адам медициналық көмекке жүгінді (видео)

Опубликовано:

Алакөлдегі өрт
Алакөлдегі өрт. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

4 шілде күні сағат 23:20-да Абай облысы Үржар ауданы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес тұрған база әп-сәтте отқа оранды. Сондай-ақ құрғақ шөп те жанған.

Демалушылар өз бетінше үйлерден кеткен. Ал полицияның жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алған.

ШҚО ТЖД ақпаратынша, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және халықтың бірлескен күшімен өрт 5 шілдеде сағат 5:40-та сөнідірлген.

Алдын ала дерек бойынша өрт 4 демалыс базасына зақым келтіріп, 3000 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қызыл жалынды сөндіруге ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

"Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге қатысқандардың сауатты және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды.

7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976955-alakoldegi-birnese-demalys-bazasy-ortke-orandy-video/

pixel