Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 3 жасар бала 13-қабаттан құлап қайтыс болды

Жарияланған күні:

Терезе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында 3 жасар бала 13-қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиға кезінде баланың анасы үйде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 шілде күні кешкі сағат 21:57-де көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатынан 3 жасар қыз дүкеннің күнқағарына (козырек) құлады. Алған жарақаттан сәби оқиға орнында мерт болды. Оқыс оқиға кезінде баланың анасы үйде болған", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарға балаларды терезеден құлаудан қорғау үшін мынадай шараларды қабылдауды ұсынады:

  • Бала үйде болған кезде терезелерді жауып жүріңіз. Сіз баланың қасындамын деп ойлайсыз, дегенмен баланы бірнеше секунд назардан тыс қалдыру қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйеніп, москитпен бірге құлап кетеді;
  • Бала терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, блокираторлар) орнатыңыз;
  • Үйдегі жиһазды терезеден аулақ ұстаңыз. Бұл баланың терезеге шығып алуына жол бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977208-elordada-3-zasar-bala-13-qabattan-qulap-qaitys-boldy/