Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды-Жезқазған тас жолында жол апаты болып, үш адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Қаарғанды облысындағы жол апаты
Оқиға орны.Видеодан кадр: instagram.com/1karagandy.kz

Ұлытау облысында Ақой ауылының маңында екі көліктің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысының полиция департаменітне сілтеме жасап.

Жантүршігерлік жол апаты 6 шілде күні сағат 17.00-де Шет ауданы Ақой ауылынан бес шақырым жердегі Қарағанды-Жезқазған тас жолында тіркелді. Қазіргі уақытта оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Кадрдан жол жиегінде тұрған көліктер мен құтқарушыларды көруге болады.

Бұған қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 54 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, Қарағанды бағытынан келе жатып, Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығысқан. Оның рөлінде 48 жастағы ер адам отырған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен олардың бірінің 54 жастағы әйелі қаза тапты. Chevrolet Cobalt жүргізушісінің 44 жастағы әйелі және олардың 18 бен 7 жастағы балалары медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған жағдай полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977297-qaragandy-zezqazgan-tas-zolynda-zol-apaty-bolyp-us-adam-qaza-tapty-video/

pixel