Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лифт шахтасына құлаған": Қарағандыда 11 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Лифт шахтасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың бесінші қабатынан құлап кетті. Оқиға 3 шілде күні болған, бірақ ол туралы бүгін ғана белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы толығырақ облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға Қарағандының орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің аумағында құрдастарымен ойнап жүрген.

Ол болжам бойынша лифт шахтасына құлап кеткеннен кейін ауыр жарақат алған. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, оқыс оқиға 3 шілде күні сағат 15.14-те болған.

"11 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп түсіндірді ведомствода.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің жағдайы жайлы айтты.

"Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", – деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977608-lift-saxtasyna-qulagan-qaragandyda-11-zasar-bala-besinsi-qabattan-qulap-ketti/

pixel